Nokia N9 16GB - Телефонды автоматты түрде құлыптанатын етіп реттеу

background image

Телефонды автоматты түрде құлыптанатын етіп реттеу
Телефонды рұқсатсыз пайдаланудан қорғау керек пе? Қауіпсіздік кодын белгілеп,

телефонды пайдаланбағанда автоматты түрде құлыптанатын етіп реттеңіз.

1

және

Қауіпсіздік

>

Құрылғы құлпы

тармағын таңдаңыз.

22

Негізгі қолданыс

background image

2

Қауіпсіздік коды

опциясын таңдаңыз да, қауіпсіздік кодын (кемінде 5 таңба

болуы керек) енгізіңіз. Сандарды, таңбаларды және үлкен, кіші әріптерді

пайдалануға болады.
Қауіпсіздік кодын құпия және телефоныңыздан бөлек, қауіпсіз жерде

сақтаңыз. Қауіпсіздік кодын ұмытып, оны еске түсіре алмасаңыз, телефонды

қайта пайдалану алдында жеке деректеріңіз жойылады. Қауіпсіздік кодын

қате енгізу мүмкіндігінің саны орнатылған болса, соңғы әрекеттен кейін

телефон деректеріңізді жойып, өзі бастапқы параметрлерге қайтады. Енгізу

шектелмеген болса, телефонды пайдалану үшін оны қызмет көрсету

орталығына көрсету керек болады.

3

Автоматты түрде құлыптау

тармағын таңдап, телефон автоматты түрде

құлыптанатын уақытты белгілеңіз.

Телефонның құлпын ашу

1 Қуат пернесін басыңыз да, экранның сыртынан ішіне қарай сырғытыңыз. Кез

келген бағыттан сырғытуға болады.

2 Қауіпсіздік кодын енгізіңіз де,

OK

опциясын таңдаңыз.

Кеңес: Экранды екі рет түртіп, сыртынан ішіне қарай сырғытуға да болады.

Кеңес: Nokia Software Updater PC қолданбасы арқылы телефонның

бағдарламалық құралын жаңартқанда экрандағы пернетақтаның тілі әдепкі тілге

қайта орнатылады. Қауіпсіздік коды осы экрандағы пернетақтаның бөлігі болып

табылмайтын таңбалардан тұрса,

тармағын таңдаңыз, одан кейін қауіпсіздік

кодын жасағанда пайдаланған экрандағы пернетақта тіліне өзгерту үшін экранда

солға немесе оңға қарай жүргізіп өтіңіз.

Кеңес: Сенімді адам орнатылған болса, қауіпсіздік кодын ұмытып қалған

жағдайда, кодты оларға мәтіндік хабармен жіберуге болады.

Құрылғы құлпы

>

Сенімді адам

>

Сенімді адамды таңдау

тармағын және тізімнен контактіні

таңдаңыз. Сенімді кісінің телефон нөмірі контактілер тізімінде өзгеретін болса,

оны қолмен өзгерту керек болады.