Nokia N9 16GB - Swype әдісін пайдаланып жазу

background image

Swype әдісін пайдаланып жазу
Жылдамырақ жазғыңыз келе ме? Мәтінді жылдам әрі оңай жазу үшін Swype

мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Swype әдісін іске қосу

1

және

Уақыт пен тіл

>

Мәтін енгізу

опцияларын таңдаңыз да,

Swype

әдісін

іске қосыңыз.

2

Swype параметрлері

опциясын және тілді таңдаңыз.

Swype әдісін пайдаланып жазу
Виртуалды пернетақтаны ашу үшін мәтінді енгізу өрісін таңдаңыз.

Саусақтарыңызды бір әріптен екінші әріпке қарай сырғытыңыз, нақтылық талап

етілмейді. Сіз түк істемесеңіз де, Swype әдетте бір әріпті екі рет жазу керектігін

біледі, бірақ сенімді болғыңыз келсе, ары қарай жаза беріңіз немесе әріпті

қайталаңыз. Жаңа сөзді жазу үшін саусақты көтергенде, бос орын автоматты

түрде енгізіледі.

Кеңес: Бос орынның автоматты түрде енгізілу мүмкіндігін уақытша ажырату үшін,

саусағыңызды бос орын пернесінен қайтару пернесіне қарай сырғытыңыз. Бұл

параметрлерді тұрақты етіп орнату немесе басқа параметрлерді өзгерту үшін,

пернетақтаның төменгі сол жағындағы Swype пернесін таңдап, басып тұрыңыз.

Мәтінді сөзді ұсыну мүмкіндігін пайдаланып жазу және өңдеу
Жазу кезінде мүмкін сөздердің тізімі көрсетіледі. Тізімде жылжу үшін,

саусағыңызды тізімде солға немесе оңға сүйреңіз. Керекті сөз көрсетілсе, оны

таңдаңыз. Керекті сөз тізімдегі бірінші сөз болса, келесі сөзді теруді бастағанда

сол сөз автоматты түрде енгізіледі.
Енгізілген сөздің баламаларын көру үшін, сөзді таңдаңыз.

Сөздікке сөз қосу
Сөздің әріптерін бір-бірден жазып, сөзді ұсыныс тізімінен таңдаңыз. Сұралғанда,

растаңыз.

Кеңес: Бірнеше сөз, телефон нөмірін немесе сандары мен таңбалары бар сөздерді

сөздікке жылдам қосу үшін, оларды сүйреп белгілеңіз де, Swype пернесін

басыңыз.

Сөздің қандай әріптермен жазылғандығын өзгерту
Сөзді сүйреп белгілеңіз де, саусағыңызды Swype пернесінен shift пернесіне

жүргізіп өтіңіз. Тізімнен керекті опцияны таңдаңыз.

Негізгі қолданыс

27

background image

Кеңес: Сөздің бастапқы әрпін үлкен ету үшін, бір ғана жәй қозғалыспен

саусағыңызды әріптің үстіне қойып, пернетақтаның үстіне қарай, содан кейін

келесі әріпке қайта төменге қарай сырғытыңыз. Сөздің қалған бөлігін қалыпты

әдіспен теріңіз.

Екпінді таңба, белгі немесе сан енгізу
Белгілі бір пернеде бар таңбалардың тізімін көру үшін, пернені таңдап басып

тұрыңыз. Тізімнен таңбаны таңдаңыз.

Мысал: á әрпін енгізу үшін, a пернесін таңдап, басып тұрыңыз да, көрсетілген

тізімнен á таңбасын таңдаңыз.

Кеңес: Курсорды мәтін ішінде жылжыту немесе мәтінді өңдеудің басқа

опцияларын табу үшін, Swype пернесінен +!= пернесіне қарай жүргізіп өтіңіз.

Swype әдісін пайдалану бойынша қосымша анықтама, кеңестер және бейнелер

алу үшін, www.swype.com веб-торабына өтіңіз.