Nokia N9 16GB - Виртуалды пернетақтамен жазу

background image

Виртуалды пернетақтамен жазу
Мәтінді енгізу өрісін таңдаңыз.

1 Таңба пернелері

2 Shift пернесі

3 Sym пернесі

4 Бос орын пернесі

5 Enter пернесі

6 Қайтару пернесі

Кіші әріптермен жазу кезінде үлкен әріпті немесе керісінше енгізу
Таңбаны енгізбей тұрып, shift пернесін басыңыз. Үлкен әріппен енгізуді бекіту

режимін іске қосу үшін, осы пернені екі рет басыңыз. Shift пернесі бөлектеледі.

Қалыпты режимге қайту үшін, shift пернесін қайтадан басыңыз.

24

Негізгі қолданыс

background image

Санды немесе арнайы таңбаны енгізу
Sym пернесін басыңыз. Қосымша таңбаларды көру үшін, 1/2 пернесін басыңыз.

Кеңес: Санды не жиі пайдаланылатын арнайы таңбаны жылдам қосу үшін, Sym

пернесін басыңыз да, саусағыңызды көтерместен, таңбаға қарай сырғытыңыз.

Саусақты көтергенде таңба енгізіледі де, пернетақта қалыпты мәтін көрінісіне

қайтады.

Екпінді таңбаны енгізу
Екпін қосылатын таңбаны таңдап, басып тұрыңыз да, саусағыңызды көтерместен,

керекті екпінді таңбаға қарай сырғытыңыз.

Таңбаны жою
Қайтару пернесін басыңыз.

Қаріпті өзгерту
Пошта және Жазбалар сияқты кейбір қолданбаларда қаріпті өзгертуге болады.

Мәтінді енгізу өрісін таңдаңыз да, қалқымалы мәзірден керекті опцияны таңдаңыз.

Жеке бір сөздің қарпін өзгерту үшін, сөзді таңдау мақсатында сүйреп,

белгішесін басыңыз да, керекті опцияны таңдаңыз.

Мәтінді көшіру және қою
Мәтінді енгізу өрісінде, көшірілетін мәтінді таңдау үшін сүйреп, қалқымалы

мәзірден

Көшіру

опциясын таңдаңыз. Мәтін қою үшін, алдымен мәтін теру жолын,

сосын мәтін қойылатын жерді таңдаңыз да, қалқымалы мәзірден

Қою

пәрменін

таңдаңыз.

Бірнеше жазу тілін пайдалану

белгішесін басып,

Уақыт пен тіл

>

Мәтін енгізу

>

Орнатылған енгізу тәсілдері

тармағын және жазу тілін таңдаңыз.

Бірнеше жазу тілі таңдалған болса, оларды ауыстырып отыруға болады.

Жазу тілін өзгерту
Саусақты сенсорлы экранның сол немесе оң жақ жиегінен асырып қойыңыз да,

саусақты виртуалды пернетақтаның үстінен сүйреп жүргізіп өтіңіз.

Виртуалды пернетақтаны жабу
Виртуалды пернетақтаны төменге қарай қағып қалыңыз немесе мәтінді енгізу

өрісінің сыртынан түртіңіз.

Негізгі қолданыс

25

background image

Кеңес: Меңзерді дәл керек орынға қою үшін, үлкейткіш көрсетілгенше, мәтінді

таңдап, ұстап тұрыңыз. Саусағыңызды көтерместен, меңзерді керекті орынға

сүйреп апарыңыз.