Nokia N9 16GB - Орналасқан жерді анықтау әдістері туралы ақпарат

background image

Орналасқан жерді анықтау әдістері туралы ақпарат
Телефон орналасқан жеріңізді GPS, A-GPS, WLAN немесе орналасқан жерді

анықтау ұялы қызметін пайдаланып көрсетеді.

Орналасқан жерді анықтаудың дүниежүзілік жүйесі (GPS) – орныңызды есептеу

үшін пайдаланылатын спутниктік навигация жүйесі. Assisted GPS (A-GPS) –

орналасқан жерді анықтау мүмкіндігінің жылдамдығын жақсарта отырып сізге

GPS деректерін жіберетін желі қызметі. Бұған қоса, орналасқан жерді анықтау

мүмкіндігін жақсарту және жылдамдығын арттыру үшін басқа да GPS

артықшылықтарын пайдалануға болады. Бұл ұялы желі арқылы аз көлемде

деректердің тасымалдануын талап етуі мүмкін.

Сымсыз жергілікті желі (WLAN) орналасқан жерді анықтау мүмкіндігі GPS

сигналдары болмаған кезде орналасқан жерді анықтау дәлдігін (әсіресе үй ішінде

немесе биік ғимараттар арасында болған кезде) жақсартады.

Орналасқан жерді анықтау ұялы қызметімен орналасқан жер телефонға қазір

жалғанған ұялы желі антеннасы арқылы анықталады.

Деректер тасымалдау ақысын үнемдеу үшін, телефондағы орналасқан жерді

анықтау параметрлеріндегі A-GPS қызметін ажырата аласыз, бірақ орналасқан

жеріңізді есептеуге көп уақыт кетуі мүмкін.

Телефондағы Интернет байланысы параметрлері арқылы WLAN желісін ажырата

аласыз.

Пайдалануға болатын орналасқан жерді анықтау әдістеріне қарай, орналасқан

жерді анықтау дәлдігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін өзгеруі мүмкін.

GPS сигналдарының бар болуы мен сапасына орналасқан жеріңіз, жерсеріктердің

орны, ғимараттар, табиғи бөгеттер, ауа райы жағдайлары мен АҚШ өкіметі GPS

жерсеріктеріне енгізген өзгерістер әсер етуі мүмкін. GPS сигналдары

ғимараттардың ішінде немесе жер астында қабылданбауы мүмкін.

GPS құрылғысын нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланыбаңыз және

тек GPS құрылғысы мен ұялы желілер берген орналасқан жер туралы ақпаратқа

сенім арта бермеңіз.

Координата туралы ақпарат барлық аймақтарда беріле бермеуі мүмкін.

82

Карталар және навигация