Nokia N9 16GB - Камера туралы ақпарат

background image

Камера туралы ақпарат

тармағын таңдаңыз.

Есте сақтарлық кездерді түсіріп алу үшін қажетті нәрселердің барлығын қамтитын

телефон бар болса, бөлек камера алып жүрудің қажеті не? Телефон камерасымен

фотосуреттерді немесе бейнелерді оңай түсіруге болады.

Телефонның артқы камерасы 8 мегапиксельді, автофокус жасайтын фотокамера

болып табылады. Кең бұрышты Carl Zeiss™ объективі көрініс бұрышын кеңейту

(мысалы, тар кеңістікте топтық фотосурет жасаған кезде) арқылы көбірек жерді

қамтуға мүмкіндік береді.

Кейін телефоныңыздан фотосуреттерді қарауға немесе өзгертуге, бейнелерді

көріп, оларды Интернетте бөлісуге немесе үйлесімді құрылғыларға жіберуге

болады.

Кеңес: Фотокамераға жылдам өту үшін, телефонды тігінен ұстап тұрыңыз да,

саусағыңызды сенсорлы экранның төменгі жағынан ортасына қарай сырғытыңыз.

Жылдам іске қосу тақтасы ашылғанша, саусағыңызды сол жерден көтермеңіз.