Nokia N9 16GB - WLAN байланыстары туралы

background image

WLAN байланыстары туралы
Күй мәзірінде WLAN желісіне (wireless local area network — жергілікті сымсыз

есептеу желісі) қосылуға болады. Күй аймағын түртіңіз.

Маңызды: WLAN байланысының қауіпсіздігін арттыру үшін, шифрлауды

пайдаланыңыз. Шифрлауды қолдану басқалардың сіздің деректеріңізге қол

жеткізу қаупін азайтады.

Ескерім: Франция және Ирландия сияқты кейбір елдерде WLAN желісін

пайдалануға шектеулер қойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, жергілікті

билік органдарына хабарласыңыз.

Бұл телефон 802.11a, 802.11b, 802.11g және 802.11n WLAN протоколдарын

қолдайды. 2,4 немесе 5 ГГц жиілігін пайдаланып 802.11n байланысын жасауға

болады.